Ораза ұстауға 6 лайфхак

Ораза ұстауға 6 лайфхак

Қасиетті Рамазан айының басталуына санаулы күндер қалды. Ораза ұстамас бұрын мұсылмандар қандай амал жасауы керек? Ауыз бекітуге қалай дайындалу керек? Bugin.kz платформасы ораза ұстауға арналған лайфхактар ұсынады.

1 қадам – рухани дайындық

Рухани дайындыққа намаз оқу, құран оқу және қайырымдылық әрекеттер жатады. Бұл дайындықты кейінге қалдырмай, ертерек бастаған дұрыс. Қасиетті Рамазан айы басталғаннан, қосымша дұғалар оқи бастаңыз, қазірден бастап Құран тыңдауға және оқуға кірісіңіз. Сол арқылы Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетін ұстанасыз.

2 қадам – Рамазан айына қанша күн қалғанын санаңыз

Қасиетті айдың басталуын санау (ойша болсын, жазбаша болсын) сіздің ойыңызда және айналаңыздағы адамдарда толқу сезімінің пайда болуына көмектеседі.

3 қадам – Рамазан айы туралы біліміңізді жетілдіріңіз

Бұл сізге Рамазан айында бәрін дұрыс әрі мінсіз жасауға көмек береді. Рамазан айы туралы неғұрлым көп білсеңіз және сол білімді пайдалансаңыз, сауабыңыз да арта түседі.

4 қадам - ​​Жоспар құрыңыз

Жоспар құру  уақытты тиімді жұмасауға көмектеседі. Құран оқу, әр кеште тарауих намазын оқу немесе ауызашарға шақыру болсын, бір айда жасағыңыз келетін істердің тізімін жасаңыз, содан кейін осы жоспарға жету жолдарын қарастырыңыз. Сіздің мақсаттарыңыз шынайы болуы маңызды. Осы айда не істегіңіз келетінін жоспарлау сізге зейінді сақтауға көмектеседі. Рамазан басталатын күнді ұйықтар алдында жоспарлаңыз (мұны Рамазаннан кейін де жалғастырыңыз).

5 қадам – моральдық тұрғыдан дайындалыңыз

Ораза тамақтан бас тартқаннан гөрі абзал. Өзіңіздің шыдамдылығыңызбен жұмыс істей бастаңыз, сөзіңізді басқарыңыз: өсек, жала жаппау және пайдасыз нәрселер туралы сөйлеспеу керек.

6 қадам – ​​жаман әдеттерден арылыңыз

Рамазанның басталуын күтпей-ақ, дәл қазір жаман әдеттеріңізбен қош айтысыңыз.  Бүгіннен бастап ерте ұйықтаңыз. Көп уақытыңызды әлеуметтік желілерде өткізбегеніңіз абзал. Әрине, айту оңай, орындау қиын. Бірақ ең оңайы  қасиетті ай алдында іске кірісу. Сонда ғана сіз дегеніңізге жете аласыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста