Ел жаңалықтары

Өскемен әуежайында коронавирус жұқтырған жолаушы «анықталды»

  • Өскемен әуежайында коронавирус жұқтырған жолаушы «анықталды»

    Өскемен әуежайында коронавирус жұқтырған жолаушы «анықталды»

 Өскемен қаласының әуежайында коронавирус жұқтырған адам анықталған жағдайдағы іс-қимылдар пысықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқу-жаттығу сценарийі бойынша, диспетчерге келіп қонған ұшақ бортында коронавирусқа шалдыққан адам бар екендігі хабарланады. Бортқа дереу қорғаныс костюмін киген санитарлық-каратиндік бақылау мамандары көтеріледі. Медициналық сауалнама кезінде соңғы екі аптада оның Қытайда болғандығы, кейін Өскеменге туысының қалын білуге келгендігі анықталады. Қолдан дайындалған тепловизордың көмегімен науқастың дене қызуы тексеріліп, артынша жұқпалы дертке шалдықты деген күдікпен әуежайдың санитарлық-карантиндік пунктіне жеткізіледі.

Сондай-ақ мамандар алғашқы медициналық көмек көрсету және зерттеу үшін биоматериал алу жұмыстарын жүргізді. Одан бөлек, науқасты арнайы капсулаға салып, Өскемендегі жұқпалы аурулар стационарына жеткізу жолы түсіндірілді. «Қысқа мерзім ішінде коронавирус бірқатар мемлекетте таралып, жұқпалы дерт біздің аумаққа да еніп кете ме деген үрей туды. Сондықтан осындай шараларды жиі өткізіп тұрған жөн. Бүгін адам коронавирус дертін жұқтыру жағдайы туындаған кезде орындалатын жұмыстар туралы оқу-жаттығу жүргіздік», – дейді Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті санитарлық-карантиндік бақылау бөлімінің бас маманы Анар Сабырбаева.

 

ҚазАқпарат




Көрілген: 3699    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.02.2020, 21:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30