Ел жаңалықтары

Өскеменде бейнебақылаудың көмегімен есірткі жасырушы ұсталды

  • Өскеменде бейнебақылаудың көмегімен есірткі жасырушы ұсталды

    Өскеменде бейнебақылаудың көмегімен есірткі жасырушы ұсталды

Өскеменде полицияның Жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйелерінің және «Сергек» автоматтандырылған бағдарламалық кешені операторларының көмегімен 19 жастағы синтетикалық есірткі жасырушы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

 
Облыс орталығының көшелеріндегі қауіпсіздік бейнемониторингі кезінде «Сергек» кешенінің операторы күдікті жас жігітті көрді. Бейнені жақындатқан кезде жігіттің есірткі заттарын жасырып жүруі мүмкін екендігі түсінікті болды.

Әрі қарай полиция күштері «жасырушы» координаттары бар ақпаратты Жедел басқару орталығына тапсырып, оның офицерлері күдіктінің ізіне түсіп, оны ұстау үшін патрульдік нарядтар жіберген.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны Абай даңғылындағы тұрғын үйдің ауласында ұстады. Ұсталғаннан 30 пакетке салынған пировалерон синтетикалық есірткі алынды. Ұсталғанға дейін тығып үлгерген, 2 жасыру орны табылды.

Жасыру жүргізгені туралы Telegram мессенджерінде хат алмасу және синтетика жасырылған орындардың фотосуреттері бар жасырушының смартфоны дәлел ретінде сотқа дейінгі тексеру материалдарына қоса тіркелді.

Ұсталған азамат Өскемен қаласының УҰИ-не қамалды, аса ірі көлемде есірткі өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков алынатын есірткінің алты түрі үшін салмақтың шекті деңгейі Үкімет қаулысымен төмендетілгендігі туралы түсіндірді. Олардың қатарына Өскемен қаласының тұрғынынан алынған пировалерон жатады, оның аса ірі мөлшері қазір 1 грамм заттан басталады.

Биылғы жылдың тоғыз айында полиция 7 ұйымдасқан қылмыстық есірткі тобын жойды. 12 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 4,9 кг героин, 9 тоннадан астам марихуана, 376 кг гашиш және 107 кг синтетикалық есірткі тәркіленді. 13 есірткі зертханасы жойылды.

Есірткі жарнамасы үшін 90 қылмыстық іс және интернет арқылы есірткі сатқаны үшін 77 іс қозғалды. Есірткі тарататын 875 сайт бұғатталды.




Көрілген: 575    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.10.2021, 01:36

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 22:42
    Арон Атабек көз жұмды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30