Өскеменде жер сілкінді

30 шілде 2022, 12:46

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді. 
 
 Жер сілкінісі 29 шілде күні Алматы уақытымен 19 сағат 01 минут 04 секундта тіркелді. 

Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1376 шақырым жерде, Ресей мен Моңғолияның шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты – 13,9. MPV тербелісі – 5,9. Тереңдігі – 05 шақырым. 

Жерасты дүмпуі Өскеменде МSК-64 шкаласы бойынша 2 балл деңгейінде сезілді.

BAQ.KZ