Өскеменде қар еріп көшелерді су басты

18 қаңтар 2022, 00:05

Еліміздің шығыста күн райы күрт жылыды. Қаңтардың 8-інен бері Өскеменде күндіз ауа температурасы 8 градусты көрсетіп тұр.

 

Биыл аймақта қар аз. Соған қармастан облыс орталығындағы көшелердің көбі көлге айналды.

 

Қаладағы комммуналдық мекемелер еріген қарғын суды сорғызып үлгермей жатыр. Тіпті тазалыққа жауапты мекеме тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілген. Суағарлар тазаланып, нөсерге арналған кәріздердің қақпағы түгел ашылды. Кешеден бері 380 текше метрден астам су сорылды.

 

Нұрлыбек Шерубаев, коммуналдық кәсіпорын директоры:

 

- Бізде қыс өте қатты болады. Биыл тіпті түсініксіз болып тұр. Дәл қазір жазғы және қысқы техникаларды қатар шығардық. Өйткені күндіз жаңбыр аралас қар. Сондықтан көшелердегі көктайғақтан тазарту үшін 30 техника шықты. Су соратын 6 машина тағы бар. Түнде мұзға айналуы мүмкін.

 

 

 

24.kz