Ел жаңалықтары

Өскеменде түн ортасында бұрынғы әйелінің үйіне барған ер адамның өмірі өзгеріп кетті

  • Өскеменде түн ортасында бұрынғы әйелінің үйіне барған ер адамның өмірі өзгеріп кетті

    Өскеменде түн ортасында бұрынғы әйелінің үйіне барған ер адамның өмірі өзгеріп кетті

Өскемен тұрғыны бұрынғы әйеліне маза бермегені үшін 300 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылды, деп хабарлайды ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адам түннің бір ортасында мас күйінде бұрынғы әйелінің үйіне барған. Әйел анасы және сіңлілерімен бірге тұрады екен. Қала тұрғыны бұрынғы зайыбымен сөйлескісі келіпті, алайды ол бас тартып, тіпті көшеге де шықпаған.

Ашуланған ер адам терезені сындырып, үйге кірген. Әйел полицияға телефон шалды. Осылайша ер адам үйге заңсыз кіргені үшін 300 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Қазір ол қоғамдық орындарда қоқыс пен қар тазалап жүр.

"Күн сайын төрт сағаттан қоқыс жинайды. Сотталушының жүріс-тұрысы мен жұмысты орындауы біздің үнемі бақылауымызда", - деді ШҚО бойынша ҚАЖД Сол жағалау ауданы пробация қызметінің қызметкері, әділет майоры Серік Бекбұлданов.
Сотталған ер адам қоқыс тазалап жүріп нені түсінгенін айтты.

"Қоқыс жинаған кезде, бір кездері өзімнің қоқысты урнаға емес, жерге лақтыра салатыным есіме түседі. Бос бөтелкелерді арақ ішкен жерде қалдырып кететін едім. Ал енді қоғамдық жұмыстарда жүріп, тазалықты сақтау қажет екенін түсіндім", - дейді ол.

Департамент қоғамдық жұмыстардан жалтарған адамдар қамауға алынуы мүмкін екенін ескертті.




Көрілген: 1246    Пікірлер: 0

сенбі, 23.01.2021, 17:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31