Ел жаңалықтары

Отандық ғалымдарға ресейлік ғылыми ұйымдар қолдау білдірді

  • Отандық ғалымдарға ресейлік ғылыми ұйымдар қолдау білдірді

    Отандық ғалымдарға ресейлік ғылыми ұйымдар қолдау білдірді

Алтай мемлекеттік университеті және «Большой Алтай» алтаистика және тюркология ғылыми-білім беру орталығы еліміздегі қайғылы оқиғаларға байланысты Ә.Х.Марғұлан Археология институтының ұжымына қолдау хатын жолдады.
 
Ресейлік әріптестер  барлық қазақстандықтардың тағдыры үшін алаңдаушылық білдіретінін айтып,  еліміздегі бейбітшілікті сақтау жолында қаза тапқан жандардың жақындары мен туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Біз қазақ халқының даналығы мен бірлігі, ел басшылығының күш-жігерінің арқасында дағдарысты қысқа мерзімде еңсеруге, бейбітшілікті, тыныштық пен ұлттық келісімді қалпына келтіруге мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Екі ел арасындағы біздің ғылыми, білім беру байланыстарымыз тарихи, рухани мызғымас достық пен өзара сыйластықтың алтын көпіріне  айнала беретініне шын жүректен сенеміз. Біз Сіздермен біргеміз! - деп жазылған хатта.
Атап айтсақ, бұл Еуразия құрылығындағы көптеген түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының тарихи-мәдени құндылықтарын зерттеумен айналысып жүрген бірден-бір ұйымдар. Үлкен Алтай ежелден «өркениет бесігі» болғанын және дәл осы ғажайып өлкеде көне түркі жазбасы пайда болғанын дәлелдеді.


BAQ.KZ




Көрілген: 366    Пікірлер: 0

жұма, 14.01.2022, 10:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31