Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Отандық «Мұқағали» фильмі әлемдік кинофестивальде бес бірдей жүлдені еншіледі

14 желтоқсан 2022, 22:18

Белгілі кинорежиссер Болат Қалымбетовтың «Мұқағали» көркем фильмі Шотландияда өткен халықаралық Сент-Эндрюс кинофестивалінде бес жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы  Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Киностудияның мәліметінше, Сент-Эндрюс кинофестивалінде «Мұқағали» көркем фильмі бірден бес жүлдеге ие болды. Атап айтар болсақ, гран-при, үздік кинодраматург, үздік кинорежиссер, үздік оператор және үздік актер аталымдарына лайық танылды.

«Мұқағали» көркем фильмі бір жылда 10 халықаралық сыйлыққа ие болды. Бұл – бұрын-соңды болмаған өте қуанышты жаңалық. Барша қазақ киносын қадірлейтін көрермендерге алғысымды білдіремін. Қазақтың ұлы ақынын ұлықтаған фильм жастарға тек шабыт берсін, Мұқағали атамыздың өнерін дарытсын деп тілегім келеді. Тәуелсіздік күні қарсаңында әлемнің белді сыншылары өз бағасын берген бұл жүлделер – қазақ халқының ортақ жеңісі», - деді фильмнің режиссері Болат Қалымбетов.