Ел жаңалықтары

"Отбасыларымен күліп жүріп тонады": Алматы тұрғыны ұрлықтың куәгері болғаны туралы айтты

  • "Отбасыларымен күліп жүріп тонады": Алматы тұрғыны ұрлықтың куәгері болғаны туралы айтты

Кино продюсері Сәкен Белгібаев ұрлықтың куәгері болғаны жайлы айтып берді. Оның сөзінше, ұрылар отбасыларымен бірге Алматы дүкендерін тонаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Алматыда ұрыларды өз көзіммен көрдім және бірнеше фотосурет жасап үлгердім. Бұлар өткен түні қаланы шулатқан қылмыскерлер емес, қарапайым тұрғындар еді. Онсыз да зардап шеккен кәсіпкерлерді тонағысы келген азаматтар. Отбасыларымен бірге күліп жүріп тонады. Ойрандалған дүкендерден-ақ олардың нені қалағаны көрініп тұрды", - деп жазды ол өз Facebook парақшасында.

Оның сөзінше, Төле бе мен Гагарин көшелерінің қиылысында жасөспірімдер компьютер ойындары салынған жәшіктерді көтеріп бара жатқан. Қуанып, ойын индустриясындағы бестселлерден алған сезімдерімен бөліскен. Олардың бірі дөңгелекті компьютер үстелін де әкетіп бара жатқан. 

"Ұйымдасқандары арнайы база жасаған. Қираған дүкеннен бірнеше метр жерде әйел ұрланған заттарды күзетіп тұрды, ал отбасының қалған мүшелері тауарларды әкеп жатты. Техника, киімдер мен велосипедті жандарына келіп тоқтаған туысқандарының көлігіне салды. Төле би-Әуезов көшесіндегі "Sulpak" күзетшісі "Белый ветер" мен "Alser" дүкендерін тонаған адамдарға қарап тұрды. Оның көз алдында ұят мәселесі аяққа тапталды. Өзі кетіп қала алмады, себебі "Sulpak"-тың есігі жоқ еді. Ал полицейлер басқа шаруалармен жүрді", - деп жазды кино продюсері. 

Ол ұрылардың әр түрлі ұлттан екенін, жақсы киім киіп, көлік мінгендерін айтып өтті. Сонымен қатар олар өзге ұрылар ұрлаған заттарға тиіспеген, осылайша бір-біріне деген сыйластық танытқан көрінеді. 

"Мен оларды суретке түсіріп алдым. Маған денелі ер адам қарап, басын шайқады. Тоқтатпа, жаман болады дегендей меңзеді. Мекемеден ішік киген әйел шықты, қолына нан пісіруге арналған пештің қорабын қыстырған. Пакетіне шаш бұйралайтын құрал мен гаджеттер салынған. Күйеуіне барып, "Болды, тезірек кеттік" деп сыбырлады. Джипке мініп, кете барды", - деп қосты Белгібаев. 

Айта кетейік, бұған дейін кәсіпкер Дамир Аманжолов жаралы әскерилерді өртенген ғимараттардан қалай құтқарғаны жайлы айтып берген еді. 




Көрілген: 648    Пікірлер: 0

жұма, 14.01.2022, 16:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31