Ел жаңалықтары

"Отбасылық мәселеге байланысты": Атырауда сегіз баланың әкесі суицид жасамақшы болды

  • "Отбасылық мәселеге байланысты": Атырауда сегіз баланың әкесі суицид жасамақшы болды

Атырау локомотив депосының аумағында орналасқан биікті бес қатарлы үймен бірден болатын жарық мұнарасына шығып алған сегіз баланың әкесі секірмекші болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

1 желтоқсан 15:00 шамасында депо аумағында белгісіз ер адам бес қабатты ғимараттың биіктігіндей болатын маңайға жарық беріп тұратын мұнарадан секірмекші болған. Ол ішімдік ішіп алған екен. Көлік полициясының анықтаушысы Бексұлтан Жұмадинов оқиға туралы хабарлаған локомотив депосының инструктор-машинистімен бірге оқиға орнына бірінші болып жеткен. Бексұлтан Жұмадинов машинистпен бірге дереу мұнараға көтеріліп, өмірден түңілген ер адаммен әңгімелесе бастаған. Осылайша полиция лейтенанты Жұмадинов ер адамды секірмеуге көндірген.

 
“Әлгі азаматпен сөйлескенде, ол су ішкісі келгенін айтып, мен су әкеліп бердім. Ол аздап тынышталғаннан кейін, оған жайлап биіктіктен түсуге көмектесіп, полиция бөліміне алып келдік. Онымен әңгімелесіп, дәрігер қарағаннан кейін үйіне жібердік”,- дейді Бексұлтан Жұмадинов. 

Полиция қызметкерілерінің айтуынша, әңгімелесу кезінде локомотив депосының инструктор-машинисі Сағындық Бекмағамбетов полиция қызметкеріне көмек көрсетіп, екеуі бірлесіп суицидтің алдын алған.

“Полиция лейтенанты Бексұлтан Жұмадинов ішкі істер органдарында 7 жылдан бері қызмет етеді. Еңбек жолын Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінде патрульдік полиция қызметкері лауазымынан бастаған. Ол марапатталатын болады”, - деді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев.




Көрілген: 667    Пікірлер: 0

жұма, 03.12.2021, 18:31

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31