Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Отбасында жанжал шығарған атыраулық үйін өртеп, қашып кеткен

23 желтоқсан 2022, 21:09

Атырауда отбасында жанжал шығарған ер адам мас күйде үйін өртеп, қашып кеткен. Қазір ол іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 22 желтоқсанда болған.

«Полиция департаментінң 102 арнасына жергілікті уақытпен сағат 21:12 шамасында 1992 жылғы әйелден шағым түскен. Мас күйде үйдің есігін бұзып кірген күйеуі оны үшкір затпен қорқытқан. Оқиға орнына «Батыс-58» экипажының полицейлері үйдің ішінен түтін шығып жатқанын байқаған. Жедел түрде әрекет еткен полицейлер 30 жастағы әйел мен 4 жасар баланы қауіпсіз жерге шығарып, өртті сөндірген», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Ал, мас күйде әйелін қорқытып, үйін өртеген ер адам полиция қызметкерлері келгенше оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір полиция қызметкерлері аталған дерекке қатысты 1992 жылғы әйел мен оның 4 жасар қызын «Аналар үйіне» орналастырған.

Үйін өртеген ер адамды жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.