Ел жаңалықтары

"Өте маңызды қадам": Нығматулин алдағы мәжіліс сайлауы туралы айтты

  • "Өте маңызды қадам": Нығматулин алдағы мәжіліс сайлауы туралы айтты

Парламент сайлауы барлық саяси партияның өз бағдарламаларын таныстыруға және халықтың сеніміне ие болуға үлкен мүмкіндік береді, дейді мәжіліс төрағасы
Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттар сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кезекті парламент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Әрине, парламент сайлауы еліміз үшін, соның ішінде халқымыз үшін өте маңызды қадам. Себебі парламент сайлауы барлық саяси партияның өз бағдарламаларын таныстыруға және халықтың сеніміне ие болуға үлкен мүмкіндік береді", - деді Нығматулин мәжілістің жалпы отырысында.

Осы орайда мәжіліс спикері алдағы сайлау демократияның нығайтуға, қоғамдық ынтымақтастықты күшейтуге және еліміздің дамуына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

"Партиялар бәсекелестік күресте халық сенімінің мандатын ала алады. Тәуелсіздік жылдарында болған парламент сайлауы болсын, президент сайлауы болсын, қазақстандықтар үнемі жоғары саяси мәдениетті көрсетіп келеді. Алдағы сайлау да қоғамдық диалогқа, әріптестікке және еліміздегі көппартиялы демократияның дамуына жағдай жасайды деп білемін", - деп атап көрсетті Нығматулин.
Айта кетсек, парламенттің төменгі палатасының кезекті сайлауын өткізу күнін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жарлығымен бекітті.

Сонымен, мәжілісі сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Қазақстан халқы Ассамблеясынан парламентке өтетін депутаттардың сайлауы 11 қаңтарға белгіленді. 
 
 




Көрілген: 516    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.10.2020, 12:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30