Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 58 адамнан анықталды

22 қаңтар 2023, 11:42

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 58 адамнан анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
22 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 836 адам коронавирус инфекциясынан (–1 698+ және 138 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 139 пациент стационарда, 1 697 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 8 адамның жағдайы ауыр,
• 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.