Ел жаңалықтары

"Өтірікші дейді, түрім ауруға ұқсамайды екен": Алматыда коронавирус жұқтырған диспетчер-фельдшер басшылыққа ренжулі

  • "Өтірікші дейді, түрім ауруға ұқсамайды екен": Алматыда коронавирус жұқтырған диспетчер-фельдшер басшылыққа ренжулі

Алматыда үш айдан бері үй бетін көрмей, бала-шағасына бара алмаған "Жедел жәрдем" станциясының көлік жүргізушісі көз жұмды. Коронавирустан көз жұмғандарды зиратына жерленген 44 жастағы азаматтың артында екі қызы қалды. Бірақ марқұм жұмыс істеген мекеменің басшылығы, коронавирус - қаза болған азаматтың негізгі диагнозы емес дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы "Жедел жәрдем" станциясында диспетчер-фельдшер болып жұмыс істеген Эльвира Камалова болса, мекеме басшылығы COVID-19 диагнозы екі адамнан алғаш анықталғанда, байланыста болғандарды жұмыстан бірден босатпай қойды деп ренжулі. Бірнеше күн бұрын оның коронавирус жұқтырғаны анықталып, ауруханада жатыр.

Оның айтуынша, 19 мамыр күні диспетчерлік бөлімінде екі адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болған. Бірақ олармен байланыста болғандарды басшылық жұмыстан ірден босатпаған, салдарынан жұқтырғандар саны 17 адамға жеткен.

"19-нда екі адамда болған. 24-не мен ПТР тесті қайта тапсырдым, ол кезде теріс болған. Қыздар да солай болған шығар, білмеймін. Содан кейін біз бір апта жұмысқа келіп жүрдік", - деді Эльвира Камалова.

Жедел жәрдемде жұмыс істесек те, шұғыл қимылдай алмай қалдық, дейді ол. Сөзінше, онымен бір палатада екі қызы мен әріптесі жатыр екен, ал жанындағы палатаи жедел жәрдемде көлік жүргізуші болып істейтін азаматтың әйелі жатыр.

"Кішкентай қызымның кешеден бері температурасы көеріліп, үйде жатыр. Бір адам хабарласпайды, оларға бәрібір. Онымен қоса бізді өтірікші дейді, менің түрім ауруға ұқсамайды екен, сонда оларды сендіру үшін мен осы жерде өлуім керек пе? Бұл деген масқара ,ой", - деп ашынды диспетчер-фельдшер.

Эльвира Камалован жедел жәрдем қызметкерлерінің коронавирус жұқтырғанын айтқаны үшін қызметіңнен кетесің деген қорқытулар болғанын атап өтті.

Ал "Жедел жәрдем" станциясының басшысы Covid-19 анықталғаннан бастап қызметкерлердің оқшауланғанын мәлімдеді. Қазір жедел жәрдемнің 60 қызметкерінен коронавирус анықталыпты.

"Ол жерде 13 адамды оқшаулауға жібергенміз. Жақын байланысқан 9 адамды стационарға дейін жеткіздік, ал 4-еуі өзін-өзі оқшаулауға жіберілді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Қайдан келгені анықталып жатыр. Кейбіреуінің күйеуі жедел жәрдемде көлік жүргізушісі болып істейді", - деді Алматы қаласы медициналық "Жедел жәрдем" қызметінің директоры Азамат Әменов.

Сонымен қатар, Азамат Әменов көз жұмған көлік жүргізушісінің негізгі диагнозы өкпе артериясының тромбы эмболиясы, ал коронавирус қосымша диагноз екенін атап өтті.

Мекеме басшысы оның қайдан жұқтырғаны енді анықталады деп отыр. Сондай-ақ, ол марқұмның отбасына 10 млн теңге берілетіні немесе берілмейтініне қатысты әлі ешнәрсе айта алмайтынын да мәлімдеді. Оны комисси шешеді екен.

 

 




Көрілген: 475    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.06.2020, 09:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31