"Ойдан құрастырған деп ойлайды": Әлия Телебарисова ерекше тегі туралы айтты

28 ақпан 2022, 12:55

Актриса Әлия Телебарисова ерекше тегі туралы айтып берді. Айтуынша, елге танылған күннен бастап көпшілік оның фамилиясына қатысты түрлі "аңыздарды" ойлап тапқан. Кей адамдар Әлияны орыс ұлтының қызы деп ойласа, ендігілері елдің назарын аудару үшін тегін ойдан құрастырған деп те болжаған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Көпшілікке "Ағайынды" телехикаясы мен "Жаужүрек мың бала" фильмінен кейін танылған Әлия алғашқыда Телебарисова, кейіннен Әнуарбек тегімен шығып жүрді.

"Әнуарбек атымен шыға бастаған кезде, көпшілік мені "Ағайынды" сериалындағы серіктесім Әнуар Нұрпейісовке жасырын күйеуге шықты деп айта бастады. Енді біреулер бұл менің шынайы тегім емес, тек "телевизияға" сай келгендіктен ойлап тапқан деді. "МузТВ" премиясында Ксения Собчак менің тегімді естіп таңғалды. Тіпті "Алла Борисовна сияқты ма?" деп қалжыңдады", – дейді Әлия. 


Аружан Жазылбекова екінші рет тұрмысқа шықпақ
Ерке Есмахан Мальдивке барып, Қайрат Нұртасқа тосын сый жасады

Бүгінде Әлия "көңіл күйіне қарай" екі тегін де қолданатынын айтты. 
Шын мәнінде, актрисаның тегі – Телебарисова, ал Әнуарбек әкесінің аты болып шықты. Ал ерекше тегінің шығу тарихын Әлия былай түсіндірді: 

"Кеңестік кезеңде атамның төлқұжатында қате кетіп қалған, бар болғаны сол. Ол қателік атаммен де тоқтамаған. Әкемнің 7 әпке-қарындасы мен бір бауыры бар. Олардың да фамилиялары әртүрлі. Біреу  – Телебарисов, біреуі – Тилабарисов және т.б. Бірақ маған телевизиялық фамилиямен дүниеге келу бұйырыпты. Енді ТелеКинобарисова деп ауыстырсам ба екен?" – деп қалжыңдады актриса.