Ел жаңалықтары

"Ойлаған жоқпын": Қазақстандағы үйлену тойы желіде қызу талқыланып жатыр – видео

  • "Ойлаған жоқпын": Қазақстандағы үйлену тойы желіде қызу талқыланып жатыр – видео



Неке қию рәсімінен соң күйеужігіт үйіне қайтты. Ал қалыңдық түзету мекемесінде қалды. Енді олар екі ай сайын екі күн кездесіп тұра алады




НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Атырауда түрмеде үйлену тойы өтті. Жазасын өтеп жатқан қалындық, бостандықтағы жігітпен отбасын құрды. Қос ғашықтың тойына түзету мекемесіндегі қызметкерлер ғана куәгер болды. Алайда бостандықта ата-ана, бауырлары қолдау білдірген, деп хабарлайды Астана телеарнасы.





"Мен ешқашан түзету мекемесінде тұрмысқа шығамын деп ойлаған жоқпын. Соған қарамастан бақыттымын. Оны сүйемін және болашағымыздың жақсы болатынына сенемін", - деді Татьяна Киселева.


Күйеужігіт те бұрын шалыс басып, жазасын өтеп шыққан. Ол сүйгеніне жақын болу үшін Ақтөбеден Атырауға қоныс аударып, жұмысқа орналасқан. Кездесуге келіп жүріп, нақты шешімді биыл көктемде ғана қабылдапты. Жастардың жоспарына ата-аналары қарсы болмаған.


"Анам мен ағам қазір Санк-Петербургте тұрады. Олар қуанып жүр. Біз Татьянамен бір ауданда, бір көшеде тұрдық. Ортақ таныстар, достар болғандықтан бір-бірімізді көретінбіз. Бірақ басында бір-бірімізге назар да аудармаппыз. Татьянаны үнемі ойлап, уайымдаймын", - дейді Вадим Кужбаев.


Тағы оқыңыз: Үйлену тойында болған сұмдық жағдай видеоға түсіп қалды


Мекеме басшылығының айтуынша, Татьяна тігін цехында жұмыс істейді, мекемедегі барлық шараларға белсене қатысады. 


"Ол адам өлтіргені үшін сотталған. 13 жылдың жартысын өтеді. 2 жылдан кейін 2022 жылы бұл кісіні уақытынан бұрын босату туралы ұсынысты, мінездемесін судьяларға жолдаймыз. Судьялар оның өмірбаянымен танысып, бостандыққа шығаруы мүмкін", - деді мекеме басшысының орынбасары Руслан Сұлтанов.


Неке қию рәсімінен соң Вадим үйіне қайтты. Ал Татьяна отрядына оралды. Енді олар екі ай сайын екі күн кездесіп тұра алады.




 




sputniknews.kz





Көрілген: 1479    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.12.2019, 12:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31