Ел жаңалықтары

«Өзі болашақ ана емес пе!?»: 22 жастағы қыз жауынгерлердің ескерткішіне аяғын қойып, саусағын шошайтқан (ФОТО)

  • «Өзі болашақ ана емес пе!?»: 22 жастағы қыз жауынгерлердің ескерткішіне аяғын қойып, саусағын шошайтқан (ФОТО)

    «Өзі болашақ ана емес пе!?»: 22 жастағы қыз жауынгерлердің ескерткішіне аяғын қойып, саусағын шошайтқан (ФОТО)

Қарағандылық қыз десантшы-жауынгерлердің құрметіне қойылған ескерткішке аяғын көтеріп қойған. Мұнымен тоқтамай, ортаңғы саусағын шошайтып, суретке түскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Instagram-дағы patriotkaragandy парақшасына сілтеме жасап. 

Ерсі қылық көрсеткен қыз, бұл суретін әлеуметтік желіге жариялаған. Әлеуметтік желідегі дерекке сүйенсек, қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш Қарағанды облысында орналасқан. Ал 22 жастағы қыз Қарағанды қаласынан ауылға қонаққа барыпты.

Полиция  ерсі әрекет көрсетіп түскен суретін назарға алды.  

"Бұл дерек бойынша полиция қызметкерлері Қарағандының 22 жастағы тұрғынын анықтады. Қазіргі уақытта оған қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік материал қаралып жатыр. Іс материалдары сотқа жіберілді, - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 Бойжеткеннің мұндай әрекетін көрген желі белсенділері болса, оның жерден алып, жерге салды.

Мәселен, желі қолданушылары:"Ұрпақтың толығымен деградациялануы", "50.0000 сағат қоғамдық жұмысқа тарту керек", "Адамдарда жақсы ештеңе жоқ. Ол өзі болашақ ана емес пе, балаларына қалай тәрбие береді!? 10 тәулікке қамап, айыппұл төлетсін, содан кейін мұндайды қайталамайтын болады", "15 тәулікке қамасын, өзінен дұрыс адам шыға ма, сол жағын ойланып көрсін", - деп оның жазасыз қалмауы керектігін айтты.

 

 

 

 




Көрілген: 1086    Пікірлер: 0

сенбі, 06.06.2020, 10:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31