Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Өзбекстанда тұмауға қарсы препараттан тағы 3 бала көз жұмды

27 желтоқсан 2022, 21:53

Өзбекстанда тұмауға қарсы препараттан 18 бала қайтыс болды. Олар қабылдаған үндістандық дәрінің құрамынан улы зат табылды. Мұны елдің Денсаулық сақтау министрлігі растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

 
Жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтырған 21 бала ауруханаға келіп түскен. Олардың бәрі «Док-1 Макс» үндістандық препаратын қабылдаған. Алайда аурудан айығудың орнына оның 18-і көз жұмды.

Тексеріс нәтижесінде сироп және таблетка түріндегі препарат құрамынан этиленгликоль улы заты анықталып отыр. Оны ішкен науқас құсу, есін жоғалту, эпилепсия ұстамасы, қан-тамыр жүйесіндегі проблемалар және жедел бүйрек жеткіліксіздігіне ұшырауы мүмкін дейді мамандар.

Айта кетерлігі, дәрі-дәрмектің негізгі заты - парацетамол болғандықтан "Док-1 Макс" сиропын ата-аналар суық тиюге қарсы дәрі ретінде өз беттерімен қолдана берген. Аталған іс бойынша қызметтік міндеттерге немқұрайлы қарағаны үшін 7 адам қызметінен босатылды. Қылмыстық іс қозғалды. «Док-1 Макс» таблеткалары мен сироптары Өзбекстандағы барлық дәріханалардан алынды.