Ел жаңалықтары

«Өздері-ақ жариялайды»: Қазақстанда ұрылар құрбандарын әлеуметтік желілерден іздейтін болған

  • «Өздері-ақ жариялайды»: Қазақстанда ұрылар құрбандарын әлеуметтік желілерден іздейтін болған

    «Өздері-ақ жариялайды»: Қазақстанда ұрылар құрбандарын әлеуметтік желілерден іздейтін болған

Бүгінгінің ұрылары да заманға лайық түрлі айла тәсілдерді ойлап табуда. Мәселен, қарақшылар кезекті құрбанын көшеден емес, әлеуметтік желіден іздейтін болған. Яғни ол сіздің досыңыз, таңысыз болуы әбден мүмкін. Мұндай қылмыскерлер жұлдыздардың минут сайын салып жатқан суреттерін аңдып, ізіне түседі екен. Ол, тіпті, қарапайым адам болуы да мүмкін.

Бүгінде әлеуметтік желісіз өмірді елестету қиын. Instagram, Facebook және өзге де әлеуметтік желілер арқылы шоу бизнес өкілдері, қарапайым тұрғындар жеке өмірін барынша жарнамалауды әдетке айналдыруда. Алайда дәл осындай ақпарат – ұры-қары үшін тегін әрі қолжетімді анықтамалық, дейді мамандар. Өйткені кімнің қайда, кіммен тұратының тауып алу бүгінде оп-оңай. Оны өздері-ақ жариялайды екен.


«Адамдар өз туралы ақпарат жариялайды. Мысалы, бүгін сыйақы алдық, жұбайыма алтын сырға алдық, одан 10 күнге шетелеге кетіп бара жатырмыз деген сияқты мәліметтерді жариялайды. Әрине, шетелге кетіп бара жатса, 1 апта, 10 күн үйде ешкім болмайтынын бәрі түсінеді. Ұрлыққа түсетін үйлердің бірі болып есептелінеді», - дейді кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы директоры Арман Абдрасилов.


Жас блогер Аяжанның өзі қаскүнемдердің қармағына түсіпті. Үйіне ұры түсепесе де, картасындағы қаржатынан қағылыпты. Бойжеткеннің сөзінше, қазір инста-алаяқтар көп. Сондықан мейілінше сақтанып жүруге тырысады.


«Өзімде бір жыл бұрын бастан кешкен оқиға болды. Алаяқтар банк картамнан ақшамды шешіп алды. АП-стор арқылы картам қосылып тұрған кезде, құпия сөді бұзып, шешіп алып, өзіне жүктеді. Онлайн банкке қоспай, сақтап жүремін. «Инстаграмда» бірнеше әдістері бар. Әрине ХХІ ғасырда алаяқтар өте көп және олардан сақтану керек», - дейді блогер.


Дәл осы Instagram, Facebook арқылы қарақшылар тонайтын адамын оңай табатыны жайлы тәртіп сақшыларына өздері айтыпты. Мәселен, ұрылар әлеуметтік желіге жүктелген суреттерді аңдып отырып, жұлдыздарды, болмаса қарапайым тұрғындарды әлеуметтік дәрежесіне қарай сараптап, іске кіріседі екен. Елорда биылдың өзінде 600-ге тарта көлік ұраланса, мыңға жуық пәтер тоналған.


«Сегіз ай ішінде мыңнан аса пәтер ұрлығына қатысты арыздар тіркелген. Оның 70 пайыздан жоғарысы квалификацияланбаған қылмыс болып есептелінеді. Олар есіктен кіріп, ұялы телефон, әмияндарды ұрлаған. Жыл басынан бері 391 күдікті ұсталды», - дейді қалалық криминалдық полиция басқармасының бөлім басшысы Әсет Талатбеков.


Осылайша, үйін, көлігін, алтындарын, билеттерін, қымбат тондарын, киім-кешектерін суретке түсіріп, желіге жүктегендер ең бірінші қармаққа ілінеді. Қысқасы, абайламасаңыз, бүгінгі жаңа ұрылар тонаудың сан түрлі жолдарын меңгерген, дейді полиция өкілдері. 




Көрілген: 551    Пікірлер: 0

сенбі, 07.09.2019, 23:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек, 12:15
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30