Ел жаңалықтары

Өзенге ағып кеткен сот төрағасының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • Өзенге ағып кеткен сот төрағасының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

    Өзенге ағып кеткен сот төрағасының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысының Полиция департаменті Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының төрағасы Серікбай Төлепбергеновтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Аzattyq-ruhy.kz.

«8 тамыз күні сағат 23:27-де Балқаш аудандық полиция бөліміне хабарлама түскен. Жедел іздестіру тобы құрылып, оқиға орнына барып, іздеу жұмыстарын жүргізді. Мәйіт келесі күні күндізгі сағат бірлер шамасында табылған. Іздестіруге төтенше жағдай қызметінің өкілдері қатысты. Қазір адам өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы әлі шыққан жоқ. Алдын ала болжам бойынша ол кісі тұншығып өлген. Дене жарақаты жоқ», - деп пікір білдірді Полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек.

Оның сөзінше, мәйіт полиция шақырылған мекенжайдан емес, содан 40 шақырым жерден табылған. 8 тамыз күні оның жанында кімдердің болғаны, қан құрамында алкогольдің бар-жоғы қазір анықталып жатыр.

Бұған дейін Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының төрағасы С. Төлепбергеновтың Алматы облысы Миялы ауылы тұсында Іле өзеніне батып кеткені туралы жазғанбыз.




Көрілген: 977    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.08.2020, 13:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30