Ел жаңалықтары

"Өзіміз ғой" деген сөз жүрмейді: Ұлттық тестілеу орталығының басшысы мәлімдеме жасады

  • "Өзіміз ғой" деген сөз жүрмейді: Ұлттық тестілеу орталығының басшысы мәлімдеме жасады



Ұлттық тестілеу орталығының басшысы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.



Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов желідегі парақшаларының бірінде тестілеуге қатысты мәлімдеме жасады. Жақын арада басшылыққа келген маман туыстары мен достарына өкпелі. Антикарупциялық бөлімнен ауысып келген ол тестілеу орталығына келгендегі мақстын түсіндірді.


"Ресми мәлімдеме. "Өзіміз ғой" деген сөз жүрмейтін кезде. Достар, бірінші күннен бастап-ақ, бұндай мәлімдеме жасау ыңғайсыз екен. Бірақ, достарым мен туыстарымның көбі менің неге бұл жерде екенімді түсінбеген сияқты. Мен Антикарупциялық агенттіктен параға құныққан салаға, біреуге тест тапсыруға көмектесу үшін немесе ұялы телефонын алып кіріп беру үшін келгенім жоқ", - деп реніш білдірді Дидар Смағұлов. 


ҰБТ да көмектес деп айтылған өтініштер Дидар Смағұловтың намысына тиген болуы керек. Тестілеу орталығының басшысы басынан өткен оқиға туралы да айтып берді. Мемлекеттік грант иелену кейбір түлектер үшін соңғы мүмкіндік екенін ұмытпағайсыздар деп ескертті ол. 


"Маған ашық түрде айтылатын бұндай өтініштер беделіме нұқсан келтіруде. Тіпті кейбірі хабарласып, құттықтап, бірден мәселесін шешуді өтінді. Біреу үшін мемлекеттік гранты иелену - жоғарғы білім алу үшін жалғыз мүмкіндік. Егер мен 2008 жылы заңгердің оқуына грантқа түспегенде, үлкен армандарыма қол жеткізе алмас едім. Өйткені менің ата-анам тіпті Қарағанды университетінде де оқуым үшін ақша төйлеуге қауқарсыз еді", - дейді Дидар Смағұлов.


 



 

 




Көрілген: 349    Пікірлер: 0

жексенбі, 23.06.2019, 11:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31