Ел жаңалықтары

Өзіне екі пәтер, жаңа көлік сатып алған: Алматылық жас жігіт туыстары мен таныстарын алдап, миллион долларды иемденген

  • Өзіне екі пәтер, жаңа көлік сатып алған: Алматылық жас жігіт туыстары мен таныстарын алдап, миллион долларды иемденген

    Өзіне екі пәтер, жаңа көлік сатып алған: Алматылық жас жігіт туыстары мен таныстарын алдап, миллион долларды иемденген

Алматы қалалық Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жылжымайтын мүлікпен және көлікпен пайдалы мәмілелер жасасу деген желеумен жәбірленушілерден миллион долларға жуық ақшаны тартып алған 24 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Алматы полициясы қызметкерлерінің мәліметінше, жас жігіттің құрбандары оның туыстары мен таныстары болған. Кепілдегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік бойынша банктік сауда-саттыққа қатысу сылтауымен күдікт олардан көп мөлшерде сома алып, бірақ өз уәделерін орындамаған.

"Күдіктінің банктермен ешқандай байланысы болмаған, бірақ кепілге қойылған мүлік аукционының жүйесін үстіртін білген. Ол өз құрбандарын тұрғын үй немесе автокөлік нарықтық бағадан әлдеқайда төмен бағамен сатып алуға болады деп сендірген. Әрине, бұл үшін ақшалай қаражат қажет болды", - деді Алматы криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

 
Оның айтуынша, жас жігіттің кейбір құрбандары бірден бірнеше мүлік сатып алуға үміттеніп, оған қомақты қаражат берген. Мәселен, жәбірленушілердің біріне 182 миллион теңге шығын көрген. Тағы біреуі жігітке 386000 доллар берген. Залалдың жалпы сомасы бүгінгі күні шамамен бір миллион долларды құрайды.

"Әрине, ол қандай-да бір міндеттемелерді орындауды қаламады. Ол ақшаны оңай жұмсады: өзіне екі пәтер, жаңа көлік сатып алды, шетелге ұшып кетті, жалпы, жақсы өмір сүрді. Бірақ ол ұзаққа созылмады", - деді Іңкәров.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, Алматы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі - "ірі мөлшерде жасалған алаяқтық" бойынша жүргізілуде. Егер жас жігіттің кінәсі дәлелденсе, оның мүлкі тәркілеп, он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Күдіктінің қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды полиция 8-701-666-69-54, 8-707-834-83-33 немесе 102 телефон нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.




Көрілген: 395    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.10.2020, 14:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 20:40
    Егін – 2020

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31