Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Пандемияның жаңа толқынына дайындық": Алматыда жыл соңына дейін 500 орындық тағы бір стационар салынады

28 шілде 2020, 11:04

2020 жылдың соңына дейін Алматыда 500 орындық аурухана пайдалануға беріледі. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев үкіметтің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Пандемияның жаңа толқынына дайындалу кезінде біз бірінші эшелон ауруханаларында ауыр науқастарға арналған жұқпалы төсек-орындарды 1015 төсек орынға көбейтеміз. Жылдың аяғына дейін 500 орындық жаңа аурухана пайдалануға беріледі. Қыркүйектің ортасына дейін 300 төсектік алдын-ала дайындалған жұқпалы аурулар ауруханасы өз жұмысын бастайды", - деді Сағынтаев.

 

1 қазанға дейін жеке инвестициялар есебінен екі қонақүй базасында 215 орындық толыққанды инфекциялық аурулар клиникасы құрылады.

"Тамыз айының аяғында жаңа патологиялық анатомиялық бюро енгізіледі. Кадрлық резерв құрылды - 1 689 жұмысшы, оларды үнемі қайта даярлау жүргізілуде", - деді Сағынтаев.

Ол пандемия басталғалы бері Алматыда 10 965 коронавирус инфекциясы тіркелгенін, 6449 адам сауығып, 73 адам қайтыс болғанын атап өтті.

Коронавирусты жұқтырған қазақстандықтардың саны 85 мыңға жетеді

Алматыда 394 мың ПТР зерттеу жүргізілді. Бүгінгі таңда күнделікті өткізу қабілеті - 95050 зерттеу. 1 қыркүйекке дейін қуаттылық тәулігіне 19 950 зерттеуге дейін артады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматыда қыркүйек айына дейін тағы бір инфекциялық аурухана салынатыны белгілі болған.