Паралимпиада: қазақстандық спортшылар Қытайда жаттығуға кірісті

28 ақпан 2022, 12:44

Қазақстандық паралимпиадашылар Янцзыакоуда қысқы Олимпиада ойындарына дайындыққа кірісті, деп хабарлайды Olympic.kz.

 
Бұл туралы Қазақстан Паралимпиада комитеті мәлімдеп, параспортшылар Қытайдағы жаттығу сәтінде түсірілген фотолармен бөлісті.

Қазақстан сапынан қысқы Паралимпиада ойындарына екі спорт түрінен бес спортшы қатысады. Паралимпиада ойындарында отандық атлеттер пара шаңғы мен парабиатлон бойынша бақ сынайды.

Ел құрама сапынан жарыс жолына шығатын спортшылар: Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин мен Денис Петренко.

Айта кетерлігі, Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты 4 наурыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22:00-де өтеді. Ашылу салтанатында пара шаңғы жарысынан әлем кубогының қола жүлдегері Ербол Хамитов Қазақстан паралимпиадалық құрамасының Туын ұстап шығады.