Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Парламент Астананың атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы құжатты мақұлдады

20 наурыз 2019, 17:02

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Астананың атауын Нұрсұлтан қаласына өзгерту туралы заң жобасы екі оқылымда қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы Конституцияның 91-бабының 1-тармағына сәйкес, Парламенттің қарауына «ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын енгізді. Бұл жоба республика астанасының атауын Астана қаласынан Нұрсұлтан қаласына өзгертуді көздейді. «ҚР Конституциясына сәйкес, Үкімет Ата Заңымызға Астананың атауын өзгерту туралы түзету енгізу үшін Республикалық референдум өткізу жөнінде ҚР Президентіне ұсыныс жасады. Президент бұл ұсынысты референдумға шығармай, Парламенттің қарауына жіберу туралы шешім қабылдады. Бұл мәселе бойынша Конституциялық Кеңес өзінің оң қорытындысын да берді», - деді Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Бірлескен отырыс барысындағы талқылаудан кейін депутаттар бірауыздан Астананың атауын Нұрсұлтан қаласына өзгерту туралы шешімді қабылдады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент міндетін уақытша атқаруға кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы ұсыныс жасады.