Ел жаңалықтары

Парламент шенеуніктерге сыйлық алуға тыйым салатын заңды мақұлдады

  • Парламент шенеуніктерге сыйлық алуға тыйым салатын заңды мақұлдады

    Парламент шенеуніктерге сыйлық алуға тыйым салатын заңды мақұлдады

 

 

 

Мәжіліс сенат депутаттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулерімен келісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда осы заңның қабылдануымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа кезеңі баста

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын парламент мәжілісі 2020 жылғы 3 маусымда мақұлдады. Сенат енгізген өзгерістер тұжырымдаманы өзгертпейді және мәжіліс мақұлдаған заң жобасының мазмұнын нашарлатпайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен түзетулерді алып тастау осы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап ететін норманың 2020 жылғы 1 шілдеден бастап жеке заңмен ғана күшіне енуімен байланысты. Бас комитеттің отырысында келіп түскен өзгерістер жан-жақты қаралды. Осыған байланысты халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті сенат енгізген өзгерістермен келісуді ұсынады", - деді депутат Жанат Жарасов.

 

Заң жобасын сенат бірінші оқылымда 10 қыркүйекте мақұлдады, алайда екінші оқылымнан кейін ол мәжіліске қайтарылды. Жалпы, заң жобасы төрт кодекс пен он заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады.

Еске сала кетейік, заң жобасының негізгі міндеті сыбайлас жемқорлық көріністерінің жүйелі алдын алу бойынша қосымша шараларды енгізу болып табылады, атап айтқанда:

  • мемлекеттік қызметшілерге кез келген құнды сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынады;
  • сыбайлас жемқорлық субъектілеріне дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазымды тұлғаларды, сондай-ақ квазимемлекеттік секторда сатып алумен айналысатын тұлғаларды жатқызу ұсынылады;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайтын тұлғалардың отбасы мүшелерінің материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе қызметтерді қабылдауына тыйым салу енгізіледі.



Көрілген: 219    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.09.2020, 11:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31