Ел жаңалықтары

Пасха мен масленницаны енгізген: Депутат ағылшын тіліндегі оқулықтардың қазақ идеологиясына жат екенін айтып, сынады

  • Пасха мен масленницаны енгізген: Депутат ағылшын тіліндегі оқулықтардың қазақ идеологиясына жат екенін айтып, сынады

    Пасха мен масленницаны енгізген: Депутат ағылшын тіліндегі оқулықтардың қазақ идеологиясына жат екенін айтып, сынады

Мәжіліс депутаты Мақпал Тәжмағамбетова 1-5 сыныптарға арналған ағылшын тіліндегі оқулықтардың мазмұнында қазақ идеологиясын жат ұғымдар кездесетінін айтып, бірқатар мәселе көтерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Депутат ағылшын тіліндегі оқулықтарда қазақтың ұлттық ұғымына, дәстүрлі тәрбиесіне келмейтін, шетелдің идеологиясын насихаттайтын иллюстрациялар мен мәтіндерді көптеп кездестіруге болатынын айтады.

 
"Бүлдіршіндерге арналған кез келген оқулық ұлттық идеология тұрғысынан жасақталуы керек. Екінші сыныпқа арналған оқулықта ұлттық дәстүрдің қатарына пасха мен масленницаны енгізіпті. Мұны әрине, қазақстандық мерекелер деп көрсетсе түсінуге болады. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары деп жазылған тақырыпта шілдехана мен баланы қырқынан шығару сияқты салт-дәстүрдің жанында діни мерекелер неге жүр?", - деді депутат.

Мақпал Тәжмағамбетова бұл оқулықтарға ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан оң сараптама берілгенін атап өтіп, ағылшын тіліндегі оқулықтарын қайта сараптап, жіберілген қателіктерге қатысты жауапкершілікті күшейтуді сұрады.

Сондай-ақ, сараптамалық комиссия құрамына тек ағылшын тілі мұғалімдерін емес, балалар психологынан бастап, суретші педагог, этнограф, қазақ тілі мамандары, әдебиетшілер тағы да басқа мамандарды енгізу керектігін айтты.

Айта кетейік, Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова ағылшын тілін бастауыш сынып бағдарламасынан алып тастау жоспарланып отырғанын айтты. 




Көрілген: 199    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.06.2021, 16:17

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31