Ел жаңалықтары

Павлодар қаласының қақ ортасындағы тігін салоны қасақана өртелді

  • Павлодар қаласының қақ ортасындағы тігін салоны қасақана өртелді

    Павлодар қаласының қақ ортасындағы тігін салоны қасақана өртелді

Павлодарда тігін салонының ғимараты түн ішінде өртеніп кетті, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Айдана Жақыпова.

20 маусым күні сағат 00.38-де Павлодар қаласы, Генерал Дүйсенов көшесі 123 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл "Просто Мария" атты тігін салоны орналасқан жеке тұрған бір қабатты ағаш ғимарат.  

Шатырдың ағаш бөлігі толығымен, қабырғалары ішінара жанып кетті.  

"Өрт сағат 03.10-да сөндірілді. Мамандардың айтуынша, ғимарат қасақана өртелген", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Тігін цехы өте ыңғайлы жерде орналасқан, оның иелеріне бұрын басқа жерге көшу туралы ұсыныстар түсіп, арандатушылықтар болған.

Бәз біреулер бір күн бұрын да тігін салонын өртеп жіберуге тырысқан.

Өрт сөндірушілер бұл істі полиция департаментіне  жіберді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 38 адам және 8 техника қатысты. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.




Көрілген: 624    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.06.2021, 20:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31