Ел жаңалықтары

Павлодар облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

  • Павлодар облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Павлодар облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Динара Шаймұратова Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімнің жаңа орынбасары экономика және қаржы мәселелеріне жетекшілік етеді.

 
Динара Шаймұратова 1978 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген. 2000 жылы Алматы технология және бизнес университетін "экономист" мамандығы бойынша бітірді, ал 2017 жылы Қаржы академиясында экономика және бизнес магистрі дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматы және Алматы облысының фискалдық органдарында бастады. 2000 жылдан 2004 жылға дейін қаржы полициясы агенттігінде жұмыс істеді.

17 жыл бойы Динара Шаймұратова Қаржы министрлігінде жұмыс істеді, онда басшылық лауазымдарды атқарды, оның ішінде бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасын, қаржыны ішкі әкімшілендіру департаментін басқарды.

2018 жылдан бастап Қаржы министрлігінің жоспарлау және бухгалтерлік есеп департаментін басқарды.

Бұдан бөлек, өңір әкімі Әбілқайыр Сқақов энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс мәселелеріне жетекшілік ететін жаңа бірінші орынбасары Олег Крукты да таныстырды.




Көрілген: 328    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.04.2021, 15:43

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31