Ел жаңалықтары

Павлодар облысында балықтар жаппай қырылып жатыр

  • Павлодар облысында балықтар жаппай қырылып жатыр

    Павлодар облысында балықтар жаппай қырылып жатыр

Павлодар маңындағы Тяпка көлінің жағасы өлі балықтарға толды. Жақында әлеуметтік желілер жаға ұстатар видеолар тарап кетті. Су қоймасының улануы туралы қауесет пайда болды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Төтенше жағдай орнына арнайы комиссия барды. Оның құрамында экологтар, ғалымдар мен балық инспекторлары кірді. Олардың есептеуінше, 60 келіден астам балық қырылған.

 
Сарапшылар сынамаларды алып, улану нұсқасын алып тастады. Алдын ала нұсқа бойынша, балықтар су қоймасының толық қатуына байланысты тұншығып қалған. Оның тереңдігі - бір жарым метр.

"Қырылуының нақты себептері тиісті қорытынды бергеннен кейін 7-10 күн ішінде белгілі болады. Алдын ала нұсқа бойынша, балықтардың қырылуы осы резервуардағы оттегінен тұншығу нәтижесінде болған", - деді Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысының орынбасары Нұржан Қазтай.

Бұған дейін Ақтөбе облысындағы тоған жағасынан 4 тонна өлі балық жиналғаны туралы жазған едік.




Көрілген: 273    Пікірлер: 0

жұма, 16.04.2021, 14:19

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31