Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Павлодар облысында халықаралық іздеуде жүрген 11 адам ұсталды

16 наурыз 2023, 18:49

Павлодар облысының полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген 11 қылмыскердің орналасқан жерін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
Polisia.kz мәліметіне жүгінсек, полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні 600-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті.

«Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 153 адам, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені үшін 68 азамат, ұсақ бұзақылық жасаған 24 азамат, ЖҚЕ бойынша 174 бұзушылық және мас күйінде көлік басқарған сегіз жүргізуші анықталды. Барлық құқық бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.
Сондай-ақ мемлекетаралық іздеуде жүрген 11 қылмыскердің орналасқан жері анықталды. Мысалы, Железин ауданының ауылдарының бірінде жедел уәкілдер Ресей Федерациясының Жаңасібір облысы бойынша 2022 жылдың ақпанынан бастап ұрлық қылмысы үшін іздеуде жүрген 30 жастағы ауыл тұрғынын анықтады.

Екібастұз қаласында 2012 жылы Ресей Федерациясының аумағында зорлық жасаған 36 жастағы ер адам ұсталды. Барлық ұсталғандар бойынша іздестіру бастамашыларына хабарламалар берілді. Полиция департаменті азаматтардың тыныш демалысын, мереке алдындағы күндері тиісті құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полицейлер күшейтілген режимде қызмет атқаратынын еске салады.