Ел жаңалықтары

Павлодар облысында жанжалды түрде жұмыстан шығарылған прокурор қайта жұмысқа кірісті

Нұр-Сұлтанның Есіл аудандық соты Қазақстанның бас прокуроры Кәрім Шұғаевқа теріс себептермен прокуратурадан шеттету түріндегі тәртіптік жаза қолдану турлы шешімін жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Шұғаев Кәрім Маратұлы 2021 жылдың 8 маусымынан бастап Павлодар облысы Железин ауданының прокуроры қызметіне қалпына келтірілсін", – делінген сот шешімінде.

 
Бұл ретте судья Қалжан Ермағанбетова Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасынан жұмыстан босатылған прокурордың пайдасына мәжбүрлі түрде болмаған уақытқа жалақысын өндіріп алды.

Ол бір миллион екі жүз елу бес мың алты жүз алпыс тоғыз теңгені құрады. Сот құжатында жұмысты қалпына келтіру және жалақыны өндіріп алу туралы шешім дереу орындалуға жатады деп көрсетілген.

Ішкі тергеудің қорытындысы бойынша Шұғаев прокуратура қызметкерлерінің ар-намыс кодексін бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, теріс себептермен жұмыстан шығарылды.

Осыдан кейін жұмыссыз қалған экс-прокурор Бас прокуратураны сотқа берді, оны жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп тануды және мәжбүрлі түрде жұмысқа шықпағаны үшін жалақысын төлеп, қызметіне қалпына келтіруді талап етті. Сот оның талаптарын қанағаттандырды.




Көрілген: 598    Пікірлер: 0

сенбі, 16.10.2021, 11:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 15:36
    БІЛЕКТІ БАУЫРЖАН

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31