Павлодар облысында жоғары шенді полицей ұсталды деп хабарлайды, Ulysmedia.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігіне сілтеме жасап.
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ-мен бірлесіп, өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында Павлодар облысы бойынша облыстық полиция Департаменті бастығының орынбасарын бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұстады, – делінген хабарламада.
Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.
Павлодар облысында жоғары шенді полицей ұсталды
08 сәуір 2022, 10:46
