Павлодар облысында көлік жыраға аударылып кетті

30 мамыр 2022, 14:22

Павлодар облысында көлік жыраға аударылып кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 29 мамыр күні сағат 18.00 шамасында Қалқаман – Майқайың автожолының 42 шақырымында «BMW-528» маркалы автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі көлігімен жыраға аударылып  кеткен. 

"Салдарынан жүргізуші мен 31 жастағы жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде", –  деді департаментте.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасында 1990 және 1995 жылғы екі азаматтың да жағдайы ауыр екенін хабарлады.