Ел жаңалықтары

Павлодар облысында КВИ жұқтырған 430 жүкті әйел есепке алынған

  • Павлодар облысында КВИ жұқтырған 430 жүкті әйел есепке алынған

    Павлодар облысында КВИ жұқтырған 430 жүкті әйел есепке алынған

Павлодар облысында бір жыл ішінде КВИ жұқтырған 430 жүкті әйел есепке алынған. Қазіргі уақытта өңірдегі ауруханаларда 493 адам КВИ-ге қарсы ем қабылдауда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

 
Бұл туралы онлайн өткен баспасөз жиынында Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы мекемелерінің стратегиялық дамыту және инновациялық технологиялар бөлім бастығы міндетін атқарушы Ерғалы Асылбек мәлім етті.

«Бүгінде облысымызда стационарда 493 адам, үйлерінде 1238 адам ем қабылдауда. Инфекциялық стационарлардың жүктемесі 30,8 пайызды құрайды. Соңғы тәулікте 2246 ПТР зерттеу жасалды», - деді Ерғалы Асылбек.
Спикердің айтуынша, бір жыл ішінде 430 жүкті әйел КВИ белгілерімен, 227 жүкті әйел пневмониямен есепке алынған.

«Қазіргі уақытта 15 жүкті әйел коронавируспен, 1 әйел пневмониямен стационарда ем қабылдауда. Оған қоса, стационарларда 11 бала, үйлерінде 71 бала КВИ-ге қарсы ем қабылдауда», - деді Ерғалы Асылбек. 




Көрілген: 312    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.03.2021, 19:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30