Ел жаңалықтары

Павлодар облысында теміржол өткелдеріне жауаптылар жазаланды

  • Павлодар облысында теміржол өткелдеріне жауаптылар жазаланды

    Павлодар облысында теміржол өткелдеріне жауаптылар жазаланды

Павлодар облысында теміржол өткелдерін қанағаттанарлықсыз дәрежеде ұстағаны үшін 15 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

 
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, теміржол өткелдері де полицейлердің ерекше назарында. Олардың жай-күйіне немқұрайлы қарау жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін. Жыл басынан бері құқық қорғау органдарының қызметкерлері 49 теміржол өткелдерін тексеріп, көптеген ереже бұзушылықтар анықталды.

"Теміржол өткелдерін күтіп-ұстаудағы негізгі ақаулар қажетті жол белгілерінің болмауы, жарықтандырудың дұрыс болмауы, төсеменің қанағаттанарлықсыз жай-күйі болып табылады. Анықталған кемшіліктерді жоюға 49 ұйғарым берілді. Тексеру қорытындысы бойынша теміржол өткелдерін қанағаттанарлықсыз ұстағаны үшін 15 лауазымды тұлғаға 440 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", - деді ПД әкімшілік полиция басқармасы басшысының м.а. Арыстан Дүйсембаев.
Мысалы, 2021 жылғы 26 сәуірде Павлодар қаласының Жібек жолы көшесіндегі теміржол өтпелерін тексеру барысында полиция қызметкерлері жол белгілерінің, төсеменің және сигнал бағандарының сәйкессіздігін анықтады. Бұл апаттық жағдайдың туындауына әкеп соғуы мүмкін.

Аталған ереже бұзушылықтар үшін екі Павлодарлық ЖШС ҚР ӘҚБК 631-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. 10 және 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.




Көрілген: 1094    Пікірлер: 0

сенбі, 08.05.2021, 00:18

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30