Павлодар облысында вакцина паспортын саудалаған дәрігерлер рақымшылыққа ілінді

27 қаңтар 2022, 16:24

Павлодар облысында амнистияға байланысты вакцина паспортын саудалаған дәрігерлер ісі тоқтатылды. Облыстық Полиция департаментінде Павлодардағы екі аурухана қызметкерлерінің жалған құжат жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінде. 

Анықталған деректер сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде Қылмыстық кодекстің 385-бабы 2-бөлімі бойынша тіркелген. Бұл бап бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл немесе қоғамдық орында 1 200 сағат мәжбүрлі жұмыс істеу не болмаса 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазалары қарастырылған. 

Тергеу нәтижесінде медицина қызметкерлері жүздеген жалған вакцина паспортын рәсімдегені белгілі болды. Полицияда күдіктілер арасында меңгеруші, жалпы тәжірибелік дәрігер мен екі медбикенің бар екенін мәлімдеді. Сонымен қатар өткен жылдың қарашасында жергілікті емханада жұмыс істейтін медбике жалған паспорттар үшін 160 мың теңге алғаны анықталған. Алайда павлодарлық медбикелердің ісі сотқа дейін жетпеген. Тергеу барысында олар рақымшылық жасау жөнінде өтініш жазған. 

"Қылмыстық кодекстің 11-бабы 2-бөліміне сәйкес 385-бап, 2-бөлімі бойынша қарастырылған құқық бұзушылық орта деңгейлі қылмыс болып есептеліп, аталмыш заңның қолдану аясына жатады. "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" ҚР заңының күшіне енуіне байланысты қылмыстық істер Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 3-тармағы негізінде тоқтатылды", –  делінген ведомство хабарламасында.