Ел жаңалықтары

Павлодар облысының тұрғындары көкпардың мәртебесін көтеруді көздейді

  • Павлодар облысының тұрғындары көкпардың мәртебесін көтеруді көздейді

    Павлодар облысының тұрғындары көкпардың мәртебесін көтеруді көздейді

Павлодар облысында спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру аясында жыл соңына дейін 2 мың бала қамтылмақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Арнайы бекітілген Жол картасы бойынша 4 жастан 18 жасқа дейінгі тұрғындар секцияларға тегін қатыса алады. Сала мамандарының мәліметінше, биыл облыстық бюджеттің 218 млн теңгесі бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Жоба ауыл-аймақта да жүзеге асырылуда. Десе де көкпар сияқты спорт түрі тегін секциялар тізімінде жоқ. Бұл Май ауданының тұрғындарын алаңдатып отыр.

Танымал көкпаршы Жанат Қопашев спорттық секциялары жан басына қаржыландыру туралы естігенде қуанып еді. Енді көңілі қаяу. Себебі тегін өткізілетін үйірмелерінің тізіміне кейбір ұлттық ойындар енбеген. Қаржы бөлінетін секциялардың ішінде қазақ күресі мен тоғызқұмалақ қана бар.

«Май елінде көкпар өте қатты дамыған. Көршілес, міне, Саты ауылы бар. Ауылдық жер болғандықтан бәрінің шаңырақтарында бір-бір сәйгүліктен бар ғой. Соларды алып, мініп, дайындала береді.  Көкпаршы да, аударыспақшы да, палуан да ертең осылардан шығады», деді көкпардан облыс чемпионы Жанат Қопашев.
Ауыл азаматтары ұлттық ойынды өз күштерімен дамытуға атсалысуда. Себебі көкпар – қомақты қаржыны талап ететін спорт түрі. Ал Май ауданында есесіне тегін футбол секциясы ашылған. Қазіргі таңда 20 бала спортпен шұғылданады. Қаржыландыру нәтижесінде жаттықтырушылар спорт залының жалға алуын өтеліп, инвентарьларды жаңартылмақ.

«Қазіргі мәселе – бала жинау. Қазір спорт мектептері бар, өнер мектептері бар. Барлығы, міне, аудан бойынша екі мың бала бар. 20 баладан екі топ берілді. Футбол секциясына 5 жастан 10 жасқа дейін, 10 жастан 18 жасқа дейінгі балалар аралығында ақырындап жинап жатырмын», - дейді жаттықтырушы Дархан Мухамедқайыров.
Аудан бойынша қосымша білім берумен 100-ге жуық бала қамтылған. Оқушылар вокал, көркемөнер мен музыкамен айналысуда. Бұл жерге күнбе-күн 140 бала келеді. Секцияларды ашқандардың қатарында жеке жаттықтырушылар да бар.

«Жан басына шаққандағы қаржыландырудағы басты мәселе – ұлттық ойындарды енгізу. Мысалы, көкпарды айтайық. Оның ішінде асық жоқ. Егер көкпарды жаңа жылдан бастап енгізсе. Көкпарды, асық ату ойындарын. Тізімде болмағандықтан, қаржыландыра алмай отырмыз», - деді Май аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Серік Сұлтанов.
Жергілікті билік жан басына қаржыландыру ережелеріне өзгертулер енгізу жөнінде жауапты мекемелерге ресми хат жолдаған. Жаңа жылдан бастап тізімге көкпар сияқты спорт түрлері енгізілсе, қазақтың ұлттық ойындары қарқынды дамитыны сөзсіз.




Көрілген: 448    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.10.2021, 16:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 15:36
    БІЛЕКТІ БАУЫРЖАН

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31