Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Павлодарда 17 жасар қыз антисептиктен уланып, көз жұмды

03 ақпан 2021, 09:39

Павлодарда 17 жасар қыз антисептиктен уланып, қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап. 
Ол қиын жағдайға тап болған балаларға көмек беретін аймақтық орталықта тәрбиеленіп жатқан. Оның тағы екі құрбысы ауруханаға жеткізілген. Олар өздерінің антисептик ішкендерін айтқан. Полиция мән-жайды тексеріп жатыр.

Ал, Қарағанды облысына қарасты Шахан кентіндегі қарттар үйінде 96 адам кеселге шалдыққан. Соның 70-і &ndash қариялар болса, қалған 26-сы - персонал қызметкерлері. Барлығының да жағдайы қалыпты,-дейді дәрігерлер. Науқаспен байланыста болғандар анықталып, ПТР сынамасы алынды. Жалпы мекеме наурыз айынан бері жабық түрде жұмыс істеуде. Мұнда барлығы 91 қарт тұрады.

 
"Шахан қаласындағы медициналық-әлеуметтік мекемеде коронавирус ошағы анықталды. Пансионатта залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Індетке шалдыққандар және олармен байланыста болғандардың тізімі жасалды. Қазіргі уақытта барлық науқас жұқпалы аурулар ауруханасында емделуде", - дейді тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің ресми өкілі Айгүл Шатекова.

Атырау облысындағы теңіз кенішінде тағы 51 жұмысшының коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. 11 қызметкерден кеселдің симптомды түрі табылған. Вахталық қалашық аумағында орналасқан стационарда 683 науқас оқшауланған. Бастапқыға қарағанда кәсіпорындағы жағдай қазір біршама тұрақталып келеді, дейді мамандар.