Павлодарда әйел 9-қабаттан құлап кетті

11 мамыр 2022, 22:05

Павлодарда әйел тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

"11 мамыр күні сағат 14.37-де облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің "112" пультіне 1993 жылы туған әйелдің "Экстрамед" медициналық пунктінің жоғарғы жағындағы пәтердің бірінің тоғызыншы қабатынан құлап кеткені туралы хабарлама түсті", - деп хабарлады ТЖД.

Оқиға Академик Бектұров көшесі 109 мекен-жайы бойынша болған. Зардап шегуші ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шегуші 1-ші қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

Диагнозы – полижарақат, бұғана сүйегінің ортаңғы үштен бір бөлігінің жабық сынуы, сол жақта 5-6-7 қабырғасының сынуы, сол жақ білек астының үштен бір бөлігінің сынуы, ми шайқалу және алкогольдік интоксикация.