Ел жаңалықтары

Павлодарда жалған арыз беруші сазайын тартты

  • Павлодарда жалған арыз беруші сазайын тартты

    Павлодарда жалған арыз беруші сазайын тартты

Павлодар облысында полицияға көлігін белгісіз біреудің айдап әкеткені туралы жалған арыз түсірген азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz.

"2021 жылғы 8 қаңтарда Павлодар қаласының полициясына ер адамнан қоңырау келіп түсті. Ол өзінің  көлік құралын белгісіз біреудің айдап әкеткені туралы шағымданды. Дереу қалада "Тосқауыл" жоспары жарияланды. Аулалардың бірінде автопатрульдердің бірі бағдарда көрсетілген көлікке ұқсайтын автокөлікті байқаған. Көлікке жақындаған полицейлер көліктің оталып тұрғанын, сонымен қатар салонда музыка ойнап тұрғанын, ал салонда ешкім жоқтығын анықтады. Кейін арызданушының мас күйінде автокөлігін қайда қойғанын ұмытып қалғаны белгілі болды", &ndash деді Павлодар қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шарипов.

 Полиция қызметкерлері жалған арыз берушіге қатысты полиция органдарын көрінеу жалған шақыру фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 438-бабы (Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру)  бойынша әкімшілік іс қозғалғанын, құқық бұзушыға қатысты 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынғанын атап өтті.




Көрілген: 191    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 12:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31