Павлодарда жоғалып кеткен қыз бен ер адам әлі табылмай жатыр

14 наурыз 2022, 14:49

Vita жасағы  іздеу шараларын жалғастырып жатыр

Павлодарда жоғалып кеткен қыз бен ер адам әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

"Өкінішке орай,  олар туралы әзірге ақпарат түскен жоқ. Александр Нестеров ақпан айының соңында жоғалып кеткен болатын. Ол Толстой көшесі, 3/1 мекенжайынан белгісіз бағытта кеткен. Ал Махаббат Сүлейменова бір ай бұрын құрбысымен ұрысып қалған. Әлеуметтік желілерде ақпарат тарату нәтиже бермеді", - дейді еріктілер. 
Бұл екі адам да байланысқа шықпаған. 

Егер де осы адамдардың орналасқан жері белгілі болса, еріктілердің нөмірлері бойынша дереу хабарласуды сұрайды:+7 (747) 615 55 63 Катерина, +7 (777) 334 82 02 Светлана.