Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Павлодарда "Қауіпсіздік трамвайы" іске қосылды

01 қаңтар 2023, 14:40

Павлодарда мереке қарсаңында "Қауіпсіздік трамвайы" іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала тұрғындарын төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы хабардар ету мақсатында Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті "Трамвай жолдары басқармасы" АҚ-мен бірлесіп, "Қауіпсіздік трамвайын" іске қосты.

 
Бұл бағыт қала тұрғындарын әртүрлі бағыттар бойынша тасымалдайды.

Трамвайда жолаушыларға әртүрлі төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шараларын, төтенше жағдайлардың алдын алу және өзін-өзі ұстау ережелерін үйрету бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етіледі, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттердің алгоритмі көрсетілген буклеттер мен жадынамалар таратылады.