Павлодарда көппәтерлі тұрғын үй екіге жарылып кеткен: Тұрғындар үйінді астында қаламыз деп дабыл қағуда

07 наурыз 2022, 10:33

Павлодардағы көппәтерлі үйдің подъездері арасында жарықшақтар пайда болған. Адамдар подъездер қирап, қоқыс астына көміліп қаламыз ба деп қорқады, деп хабарлайды "Астана" телеарнасына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үй тұрғындарының айтуынша, ғимараттың жарыла бастағанына көп уақыт болған, ал адамдар екіге бөлініп бара жатқан тұрғын үйді өздері “жамаған”. Бірақ биыл подъездердің бірі қатты жарыла бастаған. Енді суық пен ылғал пәтерлерге еніп, қабырғалар көгере бастаған. Тұрғындар үй құлап қалады деп қорқып отыр.

"Барлық су пәтерлерге ағып жатыр. Үйі құлағалы тұр. Бір күні ол жай ғана құлап кетеді", – дейді Елена Шестакова, үй тұрғыны.

Жөндеу бригадасы жұмысты 167 мың теңгеге бағалады. Бұл қалтаға ауыр тиеді, дейді зейнеткер тұрғындар. Бірақ олардың көпшілігі жарықшақтың қайтадан пайда болмайтынына жүз пайыз кепілдік жоқ екенін айтып, алаңдайды. Адамдар пәтер иелерінің кооперативіне жүгінді, бірақ мұнда да жәрдем таппаған.

"Біз тұрғындармен шарттық қарым-қатынастамыз. Жертөле бойынша инженерлік коммуникацияларға қызмет көрсетеміз. Яғни жылыту, кәріз жүйесі. Аула аумағын жинау және кіреберістерді жинау. Тұрғындар қажет деп санайтын қалған жұмыстардың барлығы: тігістерді бітеу, шатырды жөндеу, кіреберіс пен үйдің алдын жөндеу, олардың өз есебінен жасалады", – деді "Ремсервис-2007" ЖШС директоры Галина Алина.

Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандары алдағы күндері проблема туындаған үйге баруға уәде берді. Бірақ бөлімде үйдің апат дәрежесін анықтау үшін тұрғындар ақы төлеуі керектігін есертті, өйткені сараптаманы мамандандырылған аккредиттелген ұйымдар ақылы негізде жүргізеді.

"Сараптама қорытындысын алғаннан кейін, егер ол үй конструкциясының апатты екенін растаса, тұрғындар ХҚКО арқылы кезекке тұруға және жергілікті атқарушы органдарға жүгінуге құқылы, содан соң онда қала немесе аудан әкімдігі уақытша тұрғын үйге көшіру бойынша шаралар қабылдайды. Бұл қорытындысыз үйді апатты деп айтуға болмайды", – деп түсіндірді Павлодар тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Нұрлан Рашитов.

Сараптамаға және барлық құжаттарды рәсімдеуге бірнеше ай, тіпті жылдар кетуі мүмкін. Жергілікті тұрғындар пәтер қабырғаларының қирап, олардың астында қалмасақ деп тілеп отыр.