Павлодарда мас әйел балконнан құлап кетті

05 мамыр 2022, 13:18

Павлодарда мас әйел балконнан құлап кетті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

 
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 мамыр күні сағат 17.00-де Толстой көшесі, 84-ші үйдегі пәтерде әйел адам екінші қабатта орналасқан пәтердің балконынан құлап кеткен.  

47 жастағы тұрғын мас болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында 1974 жылы туған әйелді медициналық жедел жәрдем бригадасы №1 қалалық ауруханаға жеткізгенін хабарлады.

"Денесінің бірнеше аймағын қамтитын нақтыланған (кататравма) жарақаттар анықталды. Жамбас сақинасының тұтастығын бұзбай жамбас сүйектерінің жабық сынуы, сондай-ақ басқа да бірнеше жарақаттар анықталған. Қабылдау кезінде алкогольдік масаңдыққа байланысты жағдайы ауыр болды. Жарақат алу механизмін ескере отырып, қарқынды терапия палатасына жатқызылды", - деді басқармада.
Қазіргі уақытта әйелдің жағдайы орташа ауыр, политравма бөлімшесіне ауыстырылды.