Ел жаңалықтары

Павлодарда мотоциклдің автокөлікпен соқтығысуы салдарынан екі адам көз жұмды

  • Павлодарда мотоциклдің автокөлікпен соқтығысуы салдарынан екі адам көз жұмды

    Павлодарда мотоциклдің автокөлікпен соқтығысуы салдарынан екі адам көз жұмды

Мотоцикл жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетті, өзі және оның жолаушысы қаза болды, мотоциклдің тағы бір жолаушысы ауруханаға жатқызылды

Павлодар облысының Ақтоғай ауданындағы тасжолда мотоцикл жеңіл автокөлікпен соқтығысты, деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"35 жастағы мотоцикл жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, 69 жастағы зейнеткер жүргізіп келе жатқан Toyota Corona көлігімен соқтығысқан", - дейді полиция қызметкерлері.

Жол апаты салдарынан мотоцикл жүргізушісі мен оның 55 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Тағы бір мотоцикл жолаушысы, 46 жастағы ауыл тұрғыны ауруханаға түсті.

Автокөлік пен мотоцикл айып тұрағына жеткізілді. Тексеріс жүргізіліп жатыр.

Полицияның мәліметінше, осы жылдың сегіз айында Павлодар облысында 369 жол апаты болып, салдарынан 32 адам көз жұмған, тағы 515 адам жарақат алған.




Көрілген: 159    Пікірлер: 0

жұма, 18.09.2020, 09:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30