Ел жаңалықтары

Павлодарда прокуратура ғимаратында полицей өзіне қол салған: Оқиғаны министр түсіндірді

  • Павлодарда прокуратура ғимаратында полицей өзіне қол салған: Оқиғаны министр түсіндірді

    Павлодарда прокуратура ғимаратында полицей өзіне қол салған: Оқиғаны министр түсіндірді

Павлодар облысында прокуратура ғимаратында өзіне-өзі қол жұмсаған полицейдің өліміне қатысты ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ерлан Тұрғымбаев қазір оқиғаға қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты. Полицей қызметінде үздіктердің бірі болған. Оның не себепті өзіне қол салғанын алдағы уақытта тергеу тобы анықтайтын болады. 

 
“Полицейдің өзіне-өзі қол жұмсауына не себеп болғаны туралы тергеу органдары анықтайтын болады. Ол ішкі істер министрлігінің қызметкері және оқиға прокуратура ғимаратында болғандықтан, істі үшінші орган жүргізетін болады. Полицейдің басшылығы оған жақсы баға берді. Қызметінде ешқандай ескерту алмаған, тек мақтау естіген. Барлық қызметкерлер қызметіне кіріспес бұрын психологиялық тестен, арнайы сынақтан өтеді. Бірақ полицейлер ауыр қылмыстарды ашуға қатысатындықтан, психологиялық қысым көруі мүмкін. Мұны анықтау үшін жыл соңында тест өткізіп отырамыз. Бірақ бұл соңғы уақытта болған жалғыз жағдай”, – дейді Тұрғымбаев. 




Көрілген: 473    Пікірлер: 0

жұма, 11.06.2021, 13:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31