Павлодардағы әскери қызметкердің өлімі: Полиция қылмыстық іс қозғады

13 маусым 2022, 12:28

Павлодарда "КамАЗ" дөңгелегі жарылуы салдарынан ажал құшқан әскеридің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қайғылы оқиға 12 маусымда кешкі 19:15 шамасында болған. Аға сержант Айбек Тұрсымбаев №5512 әскери бөлімі паркінде жоспарлы жөндеу жұмыстары кезінде мерт болған. 

"Дөңгелекті үрлеу кезінде басынан ауыр жарақат алған. Қазір бұл дерек бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу бастады. Нәтижесі қосымша хабарланады", – деді Ұлттық ұлан "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіндегілер. 

"Шығыс" қолбасшылығы Айбек Тұрсымбаевтың жақындары мен туыстары көңіл айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда келесімшарт бойынша қызмет етіп жүрген әскеридің "КамАЗ" дөңгелегі жарылып, қаза тапқаны туралы хабарлаған едік.