Ел жаңалықтары

Павлодарлық ғалымдар жол талғамайтын көлік құрастырды

  • Павлодарлық ғалымдар жол талғамайтын көлік құрастырды

    Павлодарлық ғалымдар жол талғамайтын көлік құрастырды

Ертіс өңірінің ғалымдары суда батпайтын, кез келген жерден өте алатын машина құрастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті университеттің инженерия факлуьтетінің мамандары бір машинаны жасауға жарты жыл уақыт жұмсапты. Ерекше көлік жан-жақты сынақтан өтіп, техникалық кемшіліктері бойынша тиісті жұмыс атқарылды. Жоба авторлары жол талғамайтын көлікті алдымен құрғақ жерде, кейін суда сынаған. Темір тұлпардың күші батпақ пен судан, тіпті құмнан да өтуге мүмкіндік береді. Қозғалтқышының қуаттылығын 75 ат күшіне дейін жетеді. Салмағы 600 келі, ал жылдамдығы сағатына 60 шақырымға жетеді. Оны құрастыруға ғалымдар өз қалталарынан қомақты қаржы құйған. Жол талғамайтын бір орындық көлік балық және мал шаруашылығы, сонымен қатар төтенше жағдайлар қызметіне арналған. Қазір тапсырыстар түсіп жатыр. Алдағы уақытта жоба сертификат алады.

Серік Шәріпов, жоба авторы: - Біз ең арзан нұсқасын құрастырдық. Басқару жүйесін сынақтан өткіздік. Қозғалтқыштың кез келген түрін қолдануға болады. Кем дегенде қуаттылығы 10 ат күшіне тең қозғалтқышты қолдануды көздейміз. Осындай түрі қырда жүруге жарамды. Ал қуаттылығын 30 ат күшіне арттырсақ, батпақты жерлерден де оңай өте алады.




Көрілген: 281    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.10.2020, 09:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30