Ел жаңалықтары

Павлодарлық колледж студенттері оқу ордасының тегін тамақпен қалай қамтамасыз ететінін көрсетті (видео)

  • Павлодарлық колледж студенттері оқу ордасының тегін тамақпен қалай қамтамасыз ететінін көрсетті (видео)

    Павлодарлық колледж студенттері оқу ордасының тегін тамақпен қалай қамтамасыз ететінін көрсетті (видео)

Павлодар колледжінің студенттері түскі астарының қандай екенін көрсету үшін бейнежазбаға түсірген. Жазбадан ыдысқа салынған тағамның қатты жабысып қалғанын көруге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұған ешқандай гипс қосылмаған, біздің тамағымыз осындай", - деп видео авторы қалжыңмен жеткізгісі келеді. Осы сәтте кадр сыртынан күлкі даусы естіледі.

 "Павлодар құрастыру колледжінде студенттерді осылай тегін тамақтандырады. Ал тексеру келген күні бұдан әлде қайда дәмді етіп дайындайды тіпті салаттар да береді", - деп жазылған жазба түсініктемесінде.

Қазіргі уақытта оқу ордасына қатысты тексерулер басталды.

Жазбаны көрген көрермендер бірден наразылықтарын білдіріп, павлодарлықтар оқу орнының асханасына тексерулер жүргізіп, қоғамдық тамақтану бөлімінің жалға алушыларына тиісті шаралар қолдануды талап еткен.

Аталған оқу ордасы орын алған оқиғаның жете бақылауда екенін жеткізген. 

"Бұған дейін қызмет көрсету кезінде білім алушылар тарапынан тамақ сапасына шағымдар болмаған. Аталған факт бойынша тергеу жүргізіліп, арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр", - деп мәлімдеді колледж басшылығы.

Тексерушілер құрамына қамқоршылық кеңестің өкілдері, колледж әкімшілігі, медицина қызметкерлері сондай-ақ, ата-аналар мен студенттер кірген. 

"Тағамды сапасыз дайындау фактісі расталған жағдайда кінәлі тарап толық жазаланады", - деп атап өтті Павлодар колледжі. 




Көрілген: 619    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.09.2021, 15:12

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30